Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелулының бастамасымен елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында Алматы қаласындағы Баум бағында жалпықалалық сенбілік өтті.

                                        

Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 500-ге жуық студенті белсенді қатысты.

                                       

Сонымен қатар, акция аясында университет ұжымы мен студенттер университет аумағында 34 түп Тянь-Шань шыршасын отырғызды. Бұл шара қаланың «жасыл белдеуін» кеңейтіп қана қоймай, жастардың бойында экологиялық жауапкершілікті арттыруды мақсат етеді.

                                       

«Таза Қазақстан» акциясы – ел аумағындағы экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи ресурстарды сақтауға және әрбір азаматты қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақыратын маңызды жоба.