QyzPU Live подкаст жобасының кезекті шығарылымында танымал театр және кино актрисасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік ғылымдар магистрі Бақыт Әліпбаева қонақта болды.

Сұхбат барысында актриса өзінің шығармашылық жолындағы маңызды белестерді саралап, кәсіби таңдау мен білім алудың тұлғалық дамудағы рөлі туралы тұшымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы қазақ қызының имиджі, оның рухани әлемі мен заман талабына сай жан-жақты даму мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.