QyzPU базасында 1–4 курс студенттеріне арналған «Заң және тәртіп қағидаты аясында жастар арасында қылмыстың алдын алу және кәсіби бағдар беру» тақырыбында кездесу өтті.
Шараны университеттегі Жастар саясаты орталығы мен Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және студенттерге құқық қорғау саласындағы кәсіби мүмкіндіктерді таныстыру.
Жиынға №10 мекеменің өкілдері: әділет майоры Аслан Сейітов, аға инспектор Думан Тоқболатов, аға инспектор-психолог Мадина Камзина және жасақ бастығы Мадина Нурханова қатысты.
Мамандар жастармен ашық диалог жүргізіп, заң алдындағы жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызына тоқталды. Әділет майоры Аслан Сейітов өз сөзінде:
«Бүгінгі кездесудің негізгі түйіні – жастардың бойында заңға деген құрмет пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Болашақ педагогтер ретінде сіздер тек білім беріп қана қоймай, қоғамда тәртіп пен әділдіктің үлгісі болуларыңыз керек. Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның кепілі», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, студенттерге құқық қорғау органдарындағы жұмыс ерекшеліктері туралы бейнероликтер көрсетіліп, кәсіби бағыт-бағдар берілді.
