Университетте Халық Конституциясын насихаттауға бағытталған республикалық іс-шара аясында Жастар саясаты орталығы «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңның қоғамдағы маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Жиын барысында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры Бахытжан Сапаров баяндама жасап, Конституцияның мемлекет тұрақтылығы мен бірлігіндегі айрықша рөліне тоқталды.

 Ол заң үстемдігін қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің басты қағидаты екенін айтып, әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, комплаенс-офицер Әнуар Әскербек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарттары туралы бейнеролик ұсынып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қоғамның ортақ міндеті екеніне назар аударды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер құқықтық мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.