Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Комплаенс-маманы және Тұлға қалыптастыру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» акциясына орай «Ұят па? Заң ба?» тақырыбында пікірталас (дебат) турнирі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы «ұят» және «заң» ұғымдарының арақатынасын талқылау арқылы студенттердің сыни ойлау, дәлелдеу және пікірталас жүргізу қабілеттерін дамыту.

Турнирге Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысты:

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  •  Халықаралық Көліктік-Гуманитарлық Университеті;
  •  NARXOZ университеті;
  •  С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті;
  •  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

Пікірталас барысында қатысушылар қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылап, «ұят» пен «заң» ұғымдарының қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және құқықтық тәртіп мәселелері төңірегінде өз ойларын ортаға салып, дәлелді пікір алмасты.

Іс-шараға арнайы сарапшылар шақырылды:

  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы – ТілешалиевНұрлан Дәулетқұлұлы;
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы – Нұрмагамбетова Айдана Ақзатқызы;
  • Жетісу-2 Community орталығының басшысы – Айбек  Берікболұлы.

  •