Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «6 сәуір – Студенттік өзін-өзі басқару күні» аясында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбітгүл Кәрімова өзінің басқару өкілеттігін ресми түрде бір күнге Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 3-курс студенті Рахматуллаева Роза Әсетқызына табыстады.

                                              

Іс-шараның мақсатыстуденттердің басқарушылық дағдыларын дамыту және университет тынысына жаңа көзқарас енгізу. Сонымен қатар, шара әкімшілік құрам мен оқытушылар үшін білім алушылардың тыныс-тіршілігін тереңірек ұғынуға және тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған.

                                               

Ректор бұл күнді оқу орнының ішкі тыныс-тіршілігімен етене танысуға арнады. Ол университеттегі дәрістер мен семинар сабақтарына тікелей қатысып, ғимараттардың жай-күйі мен материалдық-техникалық базасын аралап көрді.

                                              

 Сонымен қатар, студенттермен еркін форматта өзекті мәселелері мен кері байланыс ұсыныстарын тыңдап, профессор-оқытушылар құрамына арналған арнайы семинарға да қатысу арқылы ұжымның ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен танысты.