Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тұлға қалыптастыру департаментіне қарасты «Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының» ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Арман, мақсат және мотивация: өз жолыңды қалай табасың?» мотивациялық кездесуі өтті.
Іс-шара университеттің Түлектер қауымдастығын құру аясында ұйымдастырылып, студенттер мен түлектер арасындағы байланысты нығайту, тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған.
Кездесу барысында қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлау механизмдері, сондай-ақ ішкі мотивацияны қалыптастырудың психологиялық аспектілері жан-жақты қарастырылды.
Шараның спикері – университет түлегі, Астана қаласындағы Шейх-Халифа бен Зайд әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұғұманова Самал Ботаханқызы тәжірибесіне сүйене отырып, әрбір адамның өз әлеуетін толық жүзеге асыру үшін нақты мақсат қойып, жүйелі әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Бұл бастама жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.
