Наурызнама онкүндігінің «Тазару күніне» орай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Тұлға қалыптастыру департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды экологиялық акция өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дәріптеу, студенттер бойында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру және университет аумағын абаттандыру арқылы қала тазалығына үлес қосу.

Жалпықалалық сенбілік аясында білім ордасының аумағы мен маңайы толықтай абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық бастамаға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімше қызметкерлері мен студенттер бір кісідей атсалысты. Әр институт пен департаментке бекітілген нысандарда күл-қоқыс тазартылып, көгалдар ретке келтірілді.

Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 15-ші бағыты – «Құрлық экожүйелерін қорғауды» іске асыруға негізделген.