QyzPU-да Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Спорт, қоғам және көшбасшылық: Almaty Half Marathon» волонтерлерді іріктеу шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Almaty Half Marathon аясында волонтерлік қызметке қызығушылық танытқан қатысушыларды іріктеу және оларды алдағы жарыс туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Іс-шараның спикері – Кенжебек Алтынай, «Смелость быть первым» корпоративтік қорының Almaty Marathon жобасындағы волонтерлермен жұмыс жөніндегі менеджері қатысушыларға ірі халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы волонтерлердің рөлі, олардың жауапкершілігі мен тәжірибесі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, волонтерлік қызметтің жеке даму, көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру және жаңа ортада тәжірибе жинақтаудағы рөлі кеңінен талқыланды.

Айта кетейік, Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанның бастамасы бойынша 2026 жылды халықаралық волонтерлар жылы деп жариялады.