Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жастар саясатының ұйымдастыруымен «Үздік топ» ауқымды байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және топтық ынтымақтастықты нығайту.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
- «Ізгі іс – ізгі жүрек»: қайырымдылық жобалары мен әлеуметтік желідегі белсенділік;
- «Идеялар алаңы»: университетті дамытуға арналған тың жобалар презентациясы;
- «Білім додасы»: логика мен білім деңгейін анықтайтын интеллектуалды сайыс;
- «Таланттар легі»: ән, би және сахналық қойылымдардан тұратын шығармашылық кезең.
Байқау қорытындысы бойынша шығармашылық деңгейі мен көрермен қолдауы ескеріліп, үздік деп танылған топ арнайы марапатталды.
Байқаудың нәтижесі бойынша:
- Бас жүлде - Бастауыш білім беру IP - 111 топ
- I орын- Физика IP - 015 топ
- II орын - Математика IP - 011 топ
- III орын - Биология IP - 103 топ
