Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Жастар. Идея. Болашақ.» атты мотивациялық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге құндылықты тәжірибе алмасу алаңын жасап, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру арқылы болашаққа деген сенімін нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және өз жолын табуға бағыттау.

Кездесу спикері – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Берденов Руслан Арысбекұлы жастарға кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, бастамашылдық, көшбасшылық және идеяларды жүзеге асыру жолдары туралы ой-пікірін ортаға салды.

Студенттер ашық форматтағы сұхбат барысында спикерге өз сұрақтарын қойып, кәсіби бағдар, кәсіпкерлік және жеке даму стратегиялары бойынша пайдалы кеңестер алды.