Жастар саясаты орталығың ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім алушыларына «Заң мен тәртіп» тақырыбында видеоролик көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында жауапкершілік қағидаттарын нығайту.
Көрсетілім барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың түрлері мен олардың құқықтық салдары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысы кеңінен баяндалды.
Іс-шара соңында білім алушылар арасында тақырып аясында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын білдірді. Көрсетілім тәрбиелік және танымдық мәнге ие болып, студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға оң ықпал етті.