Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жастар саясаты орталығың ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі» тақырыбында Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасы және киберпол өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту болды. Сонымен қатар, аталған шара тұрақты даму мақсаттарының 16 бағыты - Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар жұмыстарын жүзеге асырды.
Кездесу барысында полиция лейтенанты Алматы қ. ПД Кибер қылмысқа қарсы іс қимыл басқармасының жедел-уәкілі Пазил Айбатыр Бауржанұлы қоғамдық қауіпсіздік, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтық пен кибер қылмыстардан сақтану жолдары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, Учаскелік кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Айдашов Арнур Арманұлы нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, студенттерге құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласының мамандарымен еркін пікір алмасты. Кездесу студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, мазмұнды әрі нәтижелі болды.
Аталған шара университет пен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті алдағы уақытта да студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды жалғастырады.