2026 жылы студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Студенттік ректорат сайлауы – 2026» аясында жаңа құрамды тағайындау рәсімі өтті.

Аталған рәсімге Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова оқу орнының институт директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сайлау қатысушылары, студенттік ұйым төрағалары және белсенді студенттер қатысты. 

Шара барысында сайлау қорытындылары жарияланып, студенттердің дауыс беруі арқылы іріктелген жаңа студенттік ректорат мүшелері ресми түрде таныстырылды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген оқу орны басшылығы студенттік ректораттың білім алушылардың мүддесін қорғауда, студенттік бастамаларды қолдауда және жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ жаңа құрамға жауапты міндеттер жүктеліп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілектері білдірілді.

Жаңа студенттік ректорат құрамына түрлі институттардан сайланған белсенді, бастамашыл және көшбасшылық қабілеті жоғары студенттер енді. Олар 2026 жыл бойы студенттердің әлеуметтік, мәдени және академиялық өмірін жетілдіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын болады.

«Студенттік ректорат сайлауы – 2026» – студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға, демократиялық құндылықтарды насихаттауға және студенттік өзін-өзі басқару мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.