Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жасанды интеллект арқылы 1 күнде мобильді бағдарлама әзірлеу» тақырыбында мастер-класс өтті.

Аталған шара Университеттің барлық факультеттерінің студенттерін қамтып, олардың цифрлық дағдыларын дамытуға және жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып мобильді қосымшаны қысқа мерзімде әзірлеу қабілетін арттыруға бағытталды.

Шараның спикері – AI эксперт, стратег, 5 IT бағдарлама авторы Ерқанат Еркінбек. Ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, AI құралдарын дұрыс таңдау, дайын модельдер мен API сервистерін интеграциялау, уақытты тиімді басқару кеңестерімен бөлісті. 

Практикалық мастер-класс барысында қатысушылар AI платформаларын пайдалану арқылы бір күн ішінде мобильді қосымша прототипін жасаудың кезеңдерімен танысты. Іс-шарада қосымша идеясын қалыптастыру, функционалын жоспарлау, интерфейс дизайнін әзірлеу, AI арқылы код генерациялау, тестілеу және іске қосу үдерістері қарастырылды. Нәтижесінде қатысушылар жасанды интеллекттің көмегімен мобильді қосымшаны жедел әзірлеудің тиімді әдістерін меңгеріп, өз жобаларының алғашқы жұмыс нұсқасын дайындауға мүмкіндік алды.

Бұл бастама жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.