Аталған кездесу «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында өткізіліп, жастарға адалдық, парасаттылық, шыншылдық пен әділеттілік қағидаттарының маңызын жан-жақты түсіндіруге арналды. Іс-шараның басты мақсаты — академиялық ортадағы адалдық қағидаларын нығайту, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
Академиялық адалдық, әділдік пен жауапкершілік — саналы әрі құқықтық қоғамның берік негізі. Осы құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау, олардың құқықтық санасын қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында:
- • сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері және оның алдын алу жолдары;
- • білім беру ұйымдарындағы академиялық адалдық мәдениеті;
- • құқықтық сана, заңға құрмет және азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Нурмагамбетова Айдана Ақзатқызы және университеттің комплаенс-офицері Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы — тақырып аясында мазмұнды баяндамалар жасап, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Спикерлер өз сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі тетіктеріне, қолданыстағы заң талаптары мен жауапкершілік шараларына тоқталып, адалдық қағидаттарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, академиялық ортада ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында тақырыпқа сай арнайы әзірленген презентациялар мен бейнематериалдар ұсынылып, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттердің қойған сұрақтарына спикерлер жан-жақты жауап берді. Ашық пікір алмасу барысында жастар өз ойларын еркін білдірді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар адалдықты өмірлік ұстаным ретінде қабылдаудың, әділдікті басты қағида ету мен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің қоғам дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Мазмұнды кездесу Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен өтті.