2026 жылғы 26 қаңтарда Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері арасында ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараның спикері – Септенова Қарлығаш Мұратқызы, Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының балалар мен жасөспірімдер гинекологы.  Кездесу барысында репродуктивті денсаулық мәселелері, сондай-ақ ерте жүктіліктің ықтимал қауіптері мен салдары жан-жақты талқыланды.

Студенттердің өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында жүзеге асырылуда. Бұл мақсат жастардың денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.