«Жеке қаржыны басқару: 2026 жылға арналған жоспар, жинақ және өсім» тақырыбында мастер-класс өтті
-
23 қаңтар, 2026
![«Жеке қаржыны басқару: 2026 жылға арналған жоспар, жинақ және өсім» тақырыбында мастер-класс өтті]()
Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жеке қаржыны басқару: 2026 жылға арналған жоспар, жинақ және өсім» тақырыбында мастер-класс өтті.
Аталған шара Университеттің барлық факультеттерінің студенттерін қамтып, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Мастер-класс барысында қатысушылар жеке қаржыны тиімді басқару, табыс пен шығынды жоспарлау, жинақ қалыптастыру, сондай-ақ қаржыны өсірудің заманауи тәсілдері бойынша құнды мәліметтер алды.
Шараның спикері – қаржыгер, кәсіпкер, “KUNEKEY GROUP” компаниясының негізін қалаушы Кунекей Нұрлан, ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, қаржылық тәртіп, үнемдеу мәдениеті және қарызға тәуелділіктен сақтану жолдары туралы практикалық кеңестерімен бөлісті.
Сонымен қатар, спикер – қаржыгер, кәсіпкер, “KUNEKEY GROUP” компаниясының негізін қалаушы Кунекей Нұрланның қолдауымен студенттер арнайы оқыту бағдарламасынан өтіп, оны сәтті аяқтаған жағдайда мектептерде қаржылық сауаттылық бағыты бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл бастама жас мамандардың кәсіби тәжірибе жинақтап, еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жағдай жасайды.
Бұл мастер-класс студенттердің кәсіби және жеке дамуын қолдап, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары: IV – «Сапалы білім», VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу», XVII – «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында жүзеге асырылды.
Бөлісу:


