Hong Kong Merito College Limited өкілдерімен ресми кездесу өтті



    • Hong Kong Merito College Limited өкілдерімен ресми кездесу өтті

      2026 жылғы 20 қаңтарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Hong Kong Merito College Limited ұйымының өкілдерімен ресми кездесу өтті.

      Кездесуге университет тарапынан Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Суатай Сәбит Құрманжанұлы, Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы, Ғылым департаментінің директоры Байгараев Нұрлан, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Салтанат Джакубаева, Стратегиялық даму департаментінің директоры Құдайбергенов Нұрболат қатысты.

      Ал Hong Kong Merito College Limited ұйымының атынан басқарма төрайымы Zhang Jin, Солтүстік өңір бойынша бас директор Mao Chuan, Шыңжаң өңірі бойынша бас директор Liu Dongjun, Халықаралық білім беру және оқыту директоры Zhou Baihuai қатысып, ұйымның халықаралық қызметі мен серіктестік тәжірибесін таныстырды.

      Кездесу барысында тараптар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметі мен даму стратегиясын, сондай-ақ Hong Kong Merito College Limited ұйымының халықаралық білім беру саласындағы негізгі бағыттарын талқылады. Ерекше назар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктеріне аударылды. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық алмасу, халықаралық жобалар мен ғылыми бастамаларды дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

      Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, алдағы бірлескен қадамдар мен нақты ұсыныстарды айқындады. Бұл кездесу тараптар арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға және білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге маңызды негіз болды.

      Бөлісу: