Донгдук университетінен келген волонтер-студенттер қазақ мәдениетімен танысты



    • Донгдук университетінен келген волонтер-студенттер қазақ мәдениетімен танысты

      Волонтерлік қысқы мектеп аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Dongduk Women’s University (Корея Республикасы) университетінен келген волонтер-студенттерге арналған қазақ мәдениетімен танысу күні өтті.

      Іс-шараның басты мақсаты – шетелдік студенттерді қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, дәстүрлерімен, өнерімен таныстыру және мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайту.

      Бағдарлама аясында қатысушылар үшін қазақ ою-өрнектері бойынша шеберлік сағаты, дәстүрлі сурет салу сабақтары, ұлттық тағамдармен танысу, қазақтың ұлттық киімдерін киіп көру, сондай-ақ қазақ шай дәстүрі мен ұлттық тәттілерге арналған мастер-кластар ұйымдастырылды.

      Шеберлік сабақтарын Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының профессор-оқытушылар құрамы өткізді. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысып, тәжірибелік түрде қатысу мүмкіндігіне ие болды.

      Аталған мәдени іс-шара Волонтерлік қысқы мектеп бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады және студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға зор ықпал етеді.

      Бөлісу: