QyzPU пікірсайысшылары «Азамат» интеллектуалды бағдарламасында ынталандыру сыйлығын жеңіп алды



    • QyzPU пікірсайысшылары «Азамат» интеллектуалды бағдарламасында ынталандыру сыйлығын жеңіп алды

      «Хабар» телеарнасының 30 жылдығына орай жаңартылған форматта эфирге қайта оралған «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы мәресіне жетіп, маусым жеңімпазын анықтады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері, Парасатты НЛО дебат клубының мүшелері Жанерке Келгенбайға (3 курс) және Мерей Пернебайға (1 курс) ынталандыру сыйлығы – 250 мың теңге табысталды.

      «Азамат» интеллектуалды бағдарламасына қатысу арқылы мен мол тәжірибе жинадым. Жоба барысында қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелерге шешім табуға тырыстық және сол салаларда көп іздендік.  Бағдарламадағы қатысушылармен маңызды тақырыптарды талқылап, пікірталастық. Жоба жас пікірсайысшыларға қолдау мен мүмкіндіктерді есепсіз береді. Алдағы уақытта,  жобаның келесі маусымына қатысып, тағы да бағымды сынап көремін», – деді Мерей Пернебай.

      Айта кетейік, «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы алғаш рет 2000 жылдардың басында «Хабар» телеарнасында эфирге шығып, елдегі пікірсайыс қозғалысының дамуына серпін берген жобалардың бірі болды. Жаңартылған маусым аясында еліміздегі 100-ден астам жоғары оқу орнының ішінен іріктелген 32 университет қатысты.

      Студент пікірсайысшыларымызды құттықтай отыра, алдағы жобаларына сәттілік тілейміз!

      Бөлісу: