- Басты бет
- Білім беру
- Білім беру бағдарламалары
- Бакалавриат
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты
6B01410 - Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері IP
-
Білім беру
-
-
Дисциплины ЕНТ
-
Академическая мобильность
-
ECTS
-
Пороговый балл
-
Minor
-
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Білім беру бағдарламасының түрі
Инновациялық бағдарлама (IP)
Білім беру бағдарламасының атауы
6В01410 Көркем білім
Білім беру саласы
6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағыты
6В014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Білім беру бағдарламасының тобы
В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша топ:
Жетекші университет:
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қатысушы университеттер:
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Х.Досмұқамбетов атындағы Атырау университеті
Бағдарламаның негіздемесі
Дүниежүзілік банк қолдап отырған білім беруді жаңғырту жобасының аясында жоғары оқу орындары білім алушылардың тұтас дамуын қамтамасыз ететін құзыреттілікке бағдарланған білім беру қағидаттарына сәйкес педагогикалық білім берудің отыз (30) білім беру бағдарламасын халықаралық әріптестікте қайта қарады. Сонымен қатар студенттерге бағдарланған тәсіл болашақ мұғалімдер өздерінің сыныптағы жұмысына көшіре алатын, практикалық мысалдар, эксперименттер және тәжірибе ұсыну арқылы оларды мұғалім кәсібіне жақсырақ дайындайды.
Жаңартылған бастауыш және орта білім беру талаптарына сай болу үшін педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері қайта бағаланып, толықтырылуы тиіс. Орта білім берудегі жаңа тәсілдер педагогикалық білім беруде, түлектердің бейінінде көрініс табуы керек. Сондай-ақ, (30) жаңартылған немесе жаңа білім беру бағдарламалары болашақ мұғалімдердің мұғалім кәсібінде маңызды жалпы құзыреттіліктерін тиімдірек жетілдіру мақсатында әзірленді. Инклюзивтілік және пәнаралық сынды қазақстандық білім беру жүйесі дамытуға тырысатын, бірқатар педагогикалық қағидалар назарға алынды. Сонымен қатар, бұл білім беру бағдарламаларында қауымдастық пен бүкіл білім беру секторын дамыту үшін жеке тәжірибесі мен мектептерінің іс жүзіндегі қызметін үнемі талдап, бағалай алатын практик-педагог болатындай болашақ мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді
Білім беру бағдарламасының негізгі қағидалары
Педагогтың құзыреттілігі педагогика саласындағы және оның пәндік саласындағы құзіреттілігін әр түрлі қызмет жағдайында оқытудың теориялық және практикалық құзыреттілігімен біріктіреді. Мұғалім өз пәніне қажетті білім мен дағдыға ие, сондықтан бір пәнді оқитын жастар мен ересектерге білім беріп, бағыт-бағдар бере алады.
Мұғалімнің құзыреттілігі жоспарлауға, бағыттауға, оқытуға және бағалауға бағытталған. Сондықтан мұғалімнің оқыту және құзыреттіліктерін дамыту бойынша жеткілікті теориялық білімі болуы керек. Сонымен қатар, бүгінгі еңбек ету саласында ынтымақтастық пен байланыс құруға, дағдыларды дамытуға, өзінің және айналасындағылардың әл-ауқатын қолдау мен сақтауға баса назар аударылады.
Мұғалімнің құзыреттілігіне еңбек нарығындағы, білім беру құрылымындағы, жалпы қоғамдағы өзгерістер әсер етеді; осы элементтердің барлығы мұғалім жұмысының қарқынды сипатын көрсетеді. Жұмыс жағдайында болатын түрлі құбылмалы өзгерістер мұғалімнің өз қызметін бағалай алу мен реттей алу қабілетіне көңіл аудартады. Өзін-өзі бағалау дағдысы кәсіби тұлғаны дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Мұғалімдер үнемі құндылықтарға негізделген шешімдер қабылдайды, бұл кәсіби этика мәселелерін қарастыру қажетті кәсіби дағдылардың бірі екенін білдіреді. Өзгерістер сарапшылық білімді дамытуды, үйрену қабілетін, сондай-ақ реформалау және қоғамдағы жұмыс істеу әдістерін жаңартып отыруды талап етеді.
Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру бағдарламасы.
Құзыреттілікке негізделген педагогикалық білім беру бағдарламасы үш бөліктен тұрады:
1) педагогикалық компонент, 2) пәндік компонент, 3) міндетті компонент. Бұл құрылымдардың әрқайсысы модульдер мен тиісті курстардан құралады. Курстардың оқыту нәтижесі оқыту жұмысында қажетті құзыреттіліктерді сипаттайды және ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері) жүйесінің алтыншы деңгейіне жатады.
Білім беру бағдарламасы келесі негізгі қағидаларға негізделеді:
- Құзыреттілік әдісі;
- Конструктивті (сындарлы) келісім;
- Студенттерге бағдарланған және белсенді оқытуды қолдайтын әдістер;
- Зерттеуге негізделген оқыту;
- Пәнаралық оқыту;
- Инклюзия;
- Педагогтардың кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару;
Білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензия №, күні, айы, жылы
Білім беру бағдарламасы 6В01410 Көркем білім кадрларды даярлау бағыты бойынша «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ «28» мамыр 2025 ж. берілген № KZ80LAM00004191 лицензия негізінде іске асырылады.
ҰБТ пәндері
1. Шығармашылық
2. Шығармашылық
ҰБШ бойынша деңгейі
Бакалавриат, деңгей 6
Берілетін дәреже
6В01410 Көркем білім білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Жалпы академиялық кредит саны
240
Оқу мерзімі
4 жыл
-

